TIKKURILA БРЕНДІ ҰСЫНҒАН «САРАПШЫЛАРДАН КӘСІПҚОЙЛАРҒА» КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
TIKKURILA БРЕНДІ ҰСЫНҒАН «САРАПШЫЛАРДАН КӘСІПҚОЙЛАРҒА» КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Алматы қ.
«25» ақпан 2026 жыл
«Сарапшылардан кәсіпқойларға» конкурсы (әрі қарай мәтін бойынша – Конкурс) интерьер дизайны саласында жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар арасында TIKKURILA брендінің өнімдері туралы хабардар ету деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі. Конкурс сатуды ынталандыруға арналған, лотерея болып табылмайды, пайда табу мақсатын көздемейді. Конкурсқа қатысу төлем жасауды талап етпейді және тәуекелге негізделмейді.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Конкурстың атауы: «Сарапшылардан кәсіпқойларға».
1.2. Конкурс Ұйымдастырушысы әрі қарай «Ұйымдастырушы» немесе «Конкурс Ұйымдастырушысы» деп аталатын «Тиккурила» ЖШС болып табылады. Ұйымдастырушы туралы мәлімет: «Тиккурила» ЖШС, БСН: 060340006077, Заңды мекенжай: Қазақстан Республикасы, 050062, Алматы қ., Қабдолов көш., 16-үй.
1.3. Ұйымдастырушы Конкурс өткізуді жүзеге асыру үшін шарттық негізде үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.
1.4. Конкурстың өткізілу кезеңі: соңғы күнді қоса алғанда «25» ақпан 2026 жыл мен «01» маусым 2027 жыл аралығы. Конкурс өткізу және Бас жүлде иегерлерін анықтау мерзімдерін Конкурс Ұйымдастырушысы тиісті ақпаратты Ұйымдастырушының ресми сайтында: tikkurila.com адресі бойынша жариялау арқылы әрбір қатысушыға қосымша жеке хабарлама жіберместен, біржақты тәртіппен өзгерте алады.
1.5. Конкурс қатысушылары: Конкурсқа интерьер дизайны саласындағы білікті мамандар және төменде көрсетілген салаларда кәсіби қызметін жүзеге асыратын тұлғалар қатыса алады, атап айтқанда (соның ішінде, бірақ олармен шектелмейді):
o Интерьер дизайнерлері
o Декораторлар
o Хоум-стейджерлер
o Интерьер стилисттері
o Жөндеу жұмыстарының шебері
o Сылақшылар
Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Әзірбайжан Республикасының, Өзбекстан Республикасының, Украинаның, Молдова Республикасының, Грузия Республикасының, Армения Республикасының, Моңғолия Республикасының азаматтары болып табылатын, немесе осы елдерде тұруға ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ тұлға куәлігі бар, осы Ережелердің 1.4-т. көрсетілген конкурс өткізілетін бүкіл кезең бойы жоғарыда аталған елдердің аумағында заңды түрде жүрген, 18 жасқа толған, осы елдердің аумағында тұрақты тұратын тұлғалар, бұл жеке басты куәландыратын құжатпен немесе өзге де ресми құжатпен расталады (әрі қарай – «Қатысушылар \ Кәсіби мамандар»).
Конкурсқа Конкурс Ұйымдастырушысымен еңбек және/немесе азаматтық-құқықтық қарым-қатынастағы тұлғалар, сондай-ақ олардың жақын туыстары мен үлестес тұлғалар қатыса алмайды.
Қатысушының Ережелердің осы тармағының талаптарына сәйкес келмеу фактісі анықталған жағдайда, ол Конкурсқа қатыстырылмайды және/немесе Ұйымдастырушы біржақты тәртіппен Жеңімпаздар қатарынан алып тастай алады
1.6. Конкурсты өткізу келесі қағидаларға сүйенеді:
• заңдылық – Конкурсты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, қоғамдық тәртіп ережелерін, Конкурсқа қатысушы тұлғалардың заңды құқықтарын сақтай отырып өткізу, кез келген озбырлық пен кемсітушілік көріністеріне жол бермеу;
• тең құқықтылық – Конкурс Қатысушыларының барлығының тең құқықтарын қамтамасыз ететін құқықтық режимді сақтау;
• еріктілік – Конкурс Ұйымдастырушысының өзі белгілеген ережелерге сәйкес Конкурс өткізу құқығын, сондай-ақ тұлғалардың кез келген үшінші тұлғалар тарапынан мәжбүрлеп әсер етпей Конкурсқа қатысу құқығын белгілейтін құқықтық режимді сақтау;
• жариялылық – Конкурс Ұйымдастырушысының Конкурсты өткізу нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында еркін жариялау құқығын белгілейтін құқықтық режимді сақтау, сондай-ақ Конкурсты өткізу тәртібі, ережелері мен нәтижелері туралы ақпаратты ашуға кедергі келтірмеу міндеті.
1.7. Осы Ережелердің 5-бөліміне сәйкес тәртіппен Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеу арқылы Қатысушы tikkurila.com сайтында орналастырылған осы Ережелермен танысқанын және келісетінін растайды, сондай-ақ осы Ережелердің шарттарына сәйкес Конкурс Қатысушыларына қойылатын талаптарға сәйкес келетінін растайды. Ережелермен келіскені толық, сөзсіз болып табылады. Келісімді қайтарып алу Қатысушының Конкурсқа қатысудан бас тартуына әкеп соғады.
1.8. Тиісті ақпаратты tikkurila.com сайтына және/немесе Ұйымдастырушының таңдауымен басқа тәсілмен орналастыру Конкурсты өткізу шарттары туралы Қатысушыларға тиісті түрде хабарланған болып табылады.
1.9. Tikkurila by PPG (толық атауы) компаниясы, мекенжайы: Алматы қ, Кабдолова 16 көшесі, 4 этаж, 9 офис, Конкурс Ұйымдастырушысының үлестес тұлғасы, Конкурстың қазылар алқасының құрамын жасақтайды.
2. «САРАПШЫЛАРДАН КӘСІПҚОЙЛАРҒА» КОНКУРСЫНЫҢ МЕХАНИКАСЫ:
2.1. «Сарапшылардан кәсіпқойларға» конкурсы екі номинация бойынша өткізіледі: «Тұрғын нысанының дизайн-жобасы» және «Коммерциялық орынжайдың дизайн-жобасы».
2.2. Конкурсқа қатысу үшін Қатысушы:
а. Осы Ережелердің №1 Қосымшасында көрсетілген атаулар тізбесінен кез келген Tikkurila бояуын сатып алу:
b. Номинациялардың бірінде: «Тұрғын нысанының дизайн-жобасы» немесе «Коммерциялық орынжайдың дизайн-жобасы» бойынша сатып алынған Tikkurila бояуын міндетті түрде пайдалана отырып, конкурстық жұмыстарды әзірлеу (әрі қарай – Конкурстық жұмыстар).
c. Конкурстық жұмыстар шеңберінде әзірленген жобаларды іске асыру.
d. Конкурстың TLA-info.kz@ppg.com ресми электрондық поштасына іске асырылған Конкурстық жұмыстар жобаларының тұжырымдамалары сипатталған фотосуреттерін, пайдаланылған Tikkurila бояуының атауы мен көлемі көрсетілген техникалық сипаттамасын, Tikkurila бояуының сатып алынғанын растайтын чектердің фотосуреттерін, сондай-ақ Конкурсқа қатысу үшін нысандағы Tikkurila бояуының фотосуреттерін жіберу.
2.3. «Тұрғын нысанының дизайн-жобасы» номинациясына кез келген тұрғын нысандары: үйлер, пәтерлер және тағы басқалары қатыса алады. «Коммерциялық нысанның дизайн-жобасы» номинациясына кез келген тұрғын емес коммерциялық нысандар: дәмханалар, мейрамханалар, қонақ үйлер, дүкендер, салондар және тағы басқалары қатыса алады.
2.4. Барлық Конкурс қатысушылары барлық қажетті материалдарды (іске асырылған Конкурстық жұмыстар жобаларының фотосуреттерін, олардың тұжырымдамаларының сипаттамаларын, пайдаланылған Tikkurila бояуының атауы мен көлемі көрсетілген техникалық сипаттамаларын, Tikkurila бояуының сатып алынғанын растайтын чектердің фотосуреттерін, нысандағы Tikkurila бояуының фотосуреттерін) ұсынып болғаннан кейін, конкурстық жұмыстар арнайы жасақталған қазылар алқасымен бағаланады. Конкурс нәтижелері соңғы күнді қоса алғанда, 2027 жылғы 1 маусым мен 2027 жылғы 1 шілде аралығында өткізілетін болады. Конкурсты өткізу қорытындысы бойынша 3 (үш) жеңімпаз (әрі қарай – Жеңімпаздар) таңдалады, әрқайсысы осы Ережелердің 4.1-тармағында көрсетілген Бас жүлдемен марапатталады.
3. ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ КОНКУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ:
3.1. Қатысушылардың конкурстық жұмыстары 5 критерий бойынша бағаланады:
1. Дизайнерлік концепция
Осы бағалау критерийінің аясында Конкурстық жұмыстың шығармашылық ойы, оны жүзеге асырудағы жүйелілік, оның толықтығы, өзіндік ерекшелігі, жаңа элементтерінің болуы, эстетикалық бағыты бағаланады.
2. Түстер үйлесімі / түстерді таңдау
Бұл критерий Конкурстық жұмыстың түстік шешімдерін таңдаудағы шеберлікті бағалайды.
3. Эко-концепция
Осы бағалау критерийі Конкурстық жұмыстың экологиялық құрамдас бөлігіне негізделеді, атап айтқанда: материалдарды экологиялық таңдау, оларды тұтынудағы тиімділік, саналы тұтыну қағидаларын ұстану (қайта пайдалану, қалпына келтіру және т. б.), артық материалдарды сауатты кәдеге жарату.
4. Тиккурила бояуын таңдау
Бұл критерий бойынша Tikkurila ассортиментінен таңдалған бояудың нысандағы әртүрлі міндеттерді шешуге қаншалықты сәйкес келетіні бағаланады.
5. Авторлық құқықтарды сақтау
Бұл бағалау критерийі Конкурс жұмысына деген ерекше авторлық құқықтар Конкурс қатысушысына тиесілі болуы тиіс екендігін білдіреді. Қазылар алқасы мүшелерінде немесе Ұйымдастырушыда Қатысушының зияткерлік меншікке авторлық құқықты /сабақтас құқықтарды құқық иеленушінің келісімінсіз пайдаланғаны туралы растама болған жағдайда, Ұйымдастырушы және/немесе қазылар алқасы Конкурстық жұмысты Конкурсқа қатысудан шеттету құқығын өзіне қалдырады.
3.2. Конкурс жеңімпаздарын анықтау үшін Ұйымдастырушы PPG компаниясының өкілдерінен тұратын 3 адамнан құралған арнайы сараптамалық қазылар алқасын құрады.
Қазылар алқасы туралы ақпарат tikkurula.com сайтында жарияланатын болады. Ұйымдастырушы Конкурстың бүкіл кезеңінде қазылар алқасының құрамын өз қалауымен өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
3.3. Қазылар алқасы Конкурстық жұмысты он балдық шәкіл бойынша бағалау парақтарына балл қою арқылы бағалайды. Ең көп балл жинаған Қатысушылар Жеңімпаздар болып жарияланады.
4. КОНКУРСТЫҢ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ:
4.1. БАС ЖҮЛДЕ:
Конкурстың бас жүлдесі: 3 (үш) жеңімпазға арналған Tikkurila брендінің отаны – Финляндияға саяхат және Helsinki Design Week 2027 дизайн көрмесіне бару. Саяхат кезеңін Ұйымдастырушы анықтайды. Шамамен сапар 2027 жылдың қыркүйегіне жоспарланған.
Конкурстың Бас жүлдесі келесілерді қамтиды:
– Шенген визасын алуға көмектесу (визалық орталықтың оң шешім қабылдауына кепілдік бермей, қажетті құжаттарды ресімдеуге көмектесу және ұсынымдар беру) – тек Қазақстан азаматтары үшін; Конкурсқа қатысатын басқа елдердің азаматтары Шенген визасын өздері алады;
- Хельсинки (Финляндия) қаласына дейін және кері әуемен ұшу. Ұшу жеңімпаздар тұратын қалалардың әуежайларынан жүзеге асырылады, авиаұшулар бойынша толық ақпаратты Ұйымдастырушы қосымша ұсынатын болады.
- 4* жұлдыздан төмен емес қонақүйде тұру;
- әуежайдан қонақ үйге дейін және қонақ үйден әуежайға трансфер;
- Вантаа қаласында (Финляндия) Тиккурила зауытына экскурсия;
- Helsinki Design Week 2027 көрмесіне бару.
Сапар туралы толық ақпаратты Ұйымдастырушы сапар басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей tikkurila.com сайтына жариялайды.
Жеңімпаздың тұратын (болатын) елінің мемлекеті тарапынан азаматтық құқықтарына қойылған шектеулерге байланысты, сондай-ақ жеке себептерге байланысты (жеке жағдайлар бойынша сапарды жүзеге асырудың мүмкін еместігі) визаны ресімдеу мен алудың және ұшудың мүмкін еместігіне қатысты барлық тәуекелдерді Жеңімпаздар өз мойнына алады.
5. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ПРОЦЕДУРАСЫ:
5.1. Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті қатысушы Конкурстың TLA-info.kz@ppg.com ресми электрондық поштасына келесі міндетті деректерді жіберуі қажет:
o Қатысушының аты-жөні;
o Қатысушының атына тіркелген қолданыстағы мобилді телефон нөмірі;
o Қатысушының электрондық пошта адресі;
o Конкурстың өткізілу кезінде, соңғы күнді қоса 2026 жылғы 25 ақпан мен 2027 жылғы 1 маусым аралығында өнімнің сатып алынғаны туралы чекпен расталған, Конкурсқа қатысу үшін сатып алынған Tikkurila бояуының атауы;
o Ұйымдастырушы мен PPG-дің конкурстық жұмыстарды ақысыз негізде жарнамалық мақсаттарда пайдалануына, соның ішінде заңнамада тыйым салынбаған кез келген тәсілмен адамдардың шектелмеген тобына көрсетуіне нотариуспен куәландырылған өтініш-келісім. Бұл ретте аталған өтініш-келісімде Қатысушы осы зияткерлік меншік объектісіне автордың айрықша мүліктік құқықтары Қатысушы резиденті болып табылатын елдің заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмегенін, ал Конкурстың өткізілу мерзімі ішінде және ол аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде Қатысушы мұндай құқықтарды тіркеген жағдайда, зияткерлік меншік объектісін пайдалануға байланысты мәселелерді одан әрі реттеу мақсатында құқықтардың тіркелгені туралы Ұйымдастырушыға дереу хабарлауға міндетті екенін ерекше атап көрсетуі тиіс.
o Дербес деректерді жинауға, өңдеуге және үшінші тұлғаларға (қазылар алқасы мүшелеріне және Конкурс ұйымдастырушылары болып табылатын, сондай-ақ Конкурс аясында Ұйымдастырушы тартатын басқа да тұлғаларға, соның ішінде Бас жүлдені алуды ұйымдастыру мақсатында (осы Ережелердің 5.11. және 5.14-тармақш.)) беруге (соның ішінде трансшекаралық беруге) нотариуспен куәландырылған келісім.
5.2. Қатысушы өзінің Конкурстық жұмыстарын жүзеге асыратуы барысында осы Ережелердің №1 Қосымшасында көрсетілген тізімнен кез келген Tikkurila бояуын қолдануы конкурсқа қатысудың міндетті шарты болып табылады. Бояуды сатып алу фактісі сатып алу туралы чекпен расталуы тиіс және оны Ұйымдастырушы тексеруге құқылы. Tikkurila өнімін сатып алу Конкурстың өткізілу кезеңінде, соңғы күнді қоса алғанда, 2026 жылғы 25 ақпан мен 2027 жылғы 1 маусым аралығында жүзеге асырылуы тиіс. Егер Қатысушы жүзеге асырылған Конкурстық жұмыстардың фотосуреттері мен оның концепциясының сипаттамасын жарияласа, бірақ Tikkurila бояуын сатып алу фактісі сатып алу туралы чекпен расталмаса, онда бұл Қатысушы өз нысанының Дизайн-жобасын бағалау кезінде баллдан айырылуы мүмкін.
5.3. Өтінімнің «Конкурстық жұмыстың Концепциясының сипаттамасы» атты жолын толтыру міндетті болып табылады, онда Қатысушы жоба концепциясының мәнісін толық айтып, ілеспе ақпаратты береді. Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін tikkurula.com сайтында Конкурстық жұмыстың концепциясының толық сипаттамасын толтыру үлгісі беріледі.
5.4. Қатысушы осы Ережелердің 5.1-тармағында көрсетілген өз деректерін Конкурстың TLA-info.kz@ppg.com ресми электрондық поштасына жіберу арқылы, сондай-ақ іске асырылған Конкурстық жұмыстардың фотосуреттерін, олардың концепциясының сипаттамасын, сатып алу чектерін қоса бере отырып бояу бойынша толтырылған техникалық ведомосты және нысандағы Tikkurila бояуының фотосуреттерін Конкурстың TLA-info.kz@ppg.com ресми электрондық поштасына жіберу арқылы Ұйымдастырушыға өзінің дербес деректерін (соның ішінде фотобейнелерін, сондай-ақ өзін де) және іске асырылған Конкурстық жұмыстар концепциясының сипаттамаларын Конкурсқа қатысу үшін қажетті және жеткілікті көлемде және тәртіппен жинауға, сақтауға, өңдеуге келісім береді.
5.5. Әрбір Қатысушы бір конкурстық Өтінімі аясында өз жұмыстарын жоба сипаттамасымен, нысанның фотосуреттерімен және чектерімен бірге power point немесе pdf форматында жіберуге құқылы.
5.6. Конкурстың TLA-info.kz@ppg.com ресми электрондық поштасына жіберілетін іске асырылған Конкурстық жұмыс жобаларының фотобейнелері анық, бұлдырамаған және қиылмаған болуы тиіс. Бұл талап қазылар алқасы мүшелері нысандардың Дизайн-жобаларын сапалы бағалауы үшін сақталуы тиіс.
5.7. Қатысушы конкурс Өтінімін берген кезде Конкурстың TLA-info.kz@ppg.com ресми электрондық поштасына берілген барлық ақпараттың шынайы екендігіне, сондай-ақ барлық құқықтардың (соның ішінде зияткерлік меншік құқықтарының) үшінші тұлғалар тарапынан шектеулерсіз (ауыртпалықтарсыз) өзіне тиесілі екендігіне кепілдік береді.
5.8. Қатысушы Конкурсқа нақты қатысуы арқылы Конкурсқа қатысу мақсатында жарияланатын Конкурстық жұмысының жалғыз авторы болып табылатынына кепілдік береді. Қатысушының көрсетілген кепілдігі Конкурстық жұмыс Конкурс Қатысушысының өз күшімен және қаражатымен ғана жасалғанын білдіреді.
5.9. Қатысушы Конкурстың TLA-info.kz@ppg.com ресми электрондық поштасына бірнеше өтінім жіберу арқылы (бір нысан – бір өтінім) екі номинация бойынша Конкурсқа қатысу үшін бірнеше конкурстық Өтінім беруге құқылы.
5.10. Қатысушы Конкурстың TLA-info.kz@ppg.com ресми электрондық поштасына конкурстық Өтінімді жібергеннен кейін, Ұйымдастырушы Өтінім жолданған Қатысушының электрондық поштасына деректердің қабылданғаны және модерацияға жіберілгені туралы хабарлама жібереді.
5.11. Қатысушылар берген жеке деректер міндетті модерациядан өтеді, ол тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде жасалады. Модерация келесі параметрлер бойынша жасалады: Қатысушының жеке деректерін нақтылау, нысандардың берілген фотосуреттерінің сапасын сараптау, берілген деректерді спамға жіберуді тексеру және т. б.
5.12. Ұйымдастырушы Конкурсқа қатысу үшін конкурстық Өтінімдер берген Қатысушылармен егжей-тегжейін нақтылау және түсініктемелер беру тұрғысынан Қатысушы көрсеткен мобилді телефон нөмірі бойынша ұялы байланыс арқылы немесе электрондық пошта арқылы байланысу құқығын өзіне қалдырады.
5.13. Жоғарыда сипатталған тәртіппен tikkurila.com сайтына конкурстық Өтінім беру арқылы Қатысушы осы Ережелермен, сондай-ақ конкурс шарттарымен танысқанын растайды және олармен келіседі.
5.14. Конкурсқа қатысудың міндетті шарты — Қатысушының Ұйымдастырушыға және онымен аүлестес тұлғаларға жеке деректерді жинауға және өңдеуге, Ұйымдастырушының немесе ол тартатын үшінші тұлғалардың Қатысушының жеке деректерін жарнамалық мақсатта пайдалануына, жариялауына, қайта шығаруына, таратуына, соның ішінде Қатысушының өзінің видеобейнелерін де, оның іске асырылған Конкурстық жұмысының фотобейнелерін де, оның концепциясының сипаттамасын, техникалық ерекшеліктерін ешқандай сыйақы немесе өтемақы төлемей және деректерді жариялау мерзімі мен аумағына шектеусіз пайдалануына нотариуспен куәландырылған келісімін ұсынуы болып табылады; бұл ретте Конкурстық жұмыстарына қатысты даулар туындаған жағдайда, үшінші тұлғалармен барлық дауларды (Ұйымдастырушының және Конкурсқа қатысушы тұлғалардың қатысуынсыз) өз бетінше реттеу міндеттемелерін өзіне алады.
6. МАРАПАТТАУ РӘСІМІ (ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖҮЛДЕЛЕР АЛУЫ):
6.1. Конкурс Ұйымдастырушысы Бас жүлде құнының ақшалай баламасын төлемейді немесе бір жүлдені басқа жүлдеге ауыстырмайды.
6.2. Конкурс жеңімпаздары Бас жүлдені үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес. Бас жүлдені пайдалану құқығына тек Конкурс Жеңімпазы деп танылған тұлға ғана ие болады. Бас жүлдені алған кезде Жеңімпаз жүлдені қабылдау-тапсыру актісіне жеке өзі қол қояды, онда Жеңімпаздың аты-жөні және өзге де жеке деректері, сондай-ақ жүлде туралы сәйкестендіру ақпараты көрсетіледі.
6.3. Конкурс Қатысушыларын жүлделермен марапаттау бойынша Ұйымдастырушының міндеті осы Ережелердің 4-бөлімінде көрсетілген жүлде қорымен шектеледі. Конкурста ұтыс ойыны үшін қосымша жүлделерді Ұйымдастырушы Конкурс өткізу кезеңінде кез келген сәтте Конкурс Қатысушыларын жеке хабардар етпей біржақты тәртіппен енгізуі немесе алып тастауы мүмкін. Осы Ережелердің 1.8-тармағына сәйкес Конкурстың осы өткізілу ережелері мен шарттарына жасалған кез келген өзгертулерді, толықтыруларды Конкурс Ұйымдастырушысы tikkurila.com сайтына жариялайды.
6.4. Конкурстың қазылар алқасы Конкурстың 3 (үш) жеңімпазын таңдау туралы шешім қабылдағаннан кейін Ұйымдастырушы Жеңімпаздардың жеке деректерін (аты-жөнін) және Жеңімпаздардың Конкурстық жұмыстарының фотосуретін көрсете отырып, Жеңімпаздар туралы ақпаратты tikkurila.com сайтына жариялау арқылы орналастырады, сондай-ақ ұсынылған ұялы байланыс нөмірлері арқылы Жеңімпаздарға жеке хабарламалар жібереді.
6.5. Ұйымдастырушы Қатысушылардың тарапынан алдау әрекеттерін анықтаған, ұсынылған деректерді бұрмалаған немесе Конкурс Ұйымдастырушысы жосықсыз әрекеттер деп санайтын өзге де іс-әрекеттер немесе осы Ережелердің талаптарын басқа да бұзушылық болған жағдайда, ондай Қатысушылар Бас жүлдені алуға жеңімпаздар мен үміткерлер болып танылмайды. Деректердің алдамшы әрекеттері мен бұрмалануы (соның ішінде, бірақ олармен шектелмей): Қатысушыға тиесілі емес Конкурстық жұмыстардың фотосуреттерін жариялау (интернеттен көшірілген басқа тұлғаларға тиесілі және т. б.), осы Ережелердің 2.2-тармағында көзделген тізбеден Tikkurila бояуын сатып алу фактісімен расталмаған жалған техникалық сипаттамаларды жариялау және т. б.
6.6. Ұйымдастырушы, егер негізгі Жеңімпаздар Финляндияға түрлі себептермен немесе осы Ережелердің 6.5, 6.8-тт. көзделген жағдайларда саяхаттауға бара алмаса, резервтік Жеңімпаздарды (әрбір Бас жүлдеге 2 резервтік Жеңімпаз) таңдауға құқылы.
6.7. Жеңімпаздың Бас жүлдені пайдалануына және Финляндияға топтық сапарға қосылуына мүмкіндігі болмаған жағдайда, ол Ұйымдастырушы авиабилеттерді сатып алғанға дейін 30 күн бұрын TLA-info.kz@ppg.com электрондық поштасына еркін нысанда ресми бас тарту хатын жазуы тиіс. Ұйымдастырушы Бас жүлдені пайдалану құқығын резервтік Жеңімпазға берген жағдайда, мұндай резервтік Жеңімпаз сапарды жүзеге асыру мүмкіндігі үшін қажетті мерзімде виза алуды өз бетінше қамтамасыз етеді.
6.8. Егер қазылар алқасымен Жүлдені алуға таңдалған Қатысушы ұсынған байланыс деректері бойынша байланысқа шықпаса\ осы Ережелердің 5.12, 6.9-тармақтарына сәйкес тексеруге сұратылған қосымша ақпаратты бермесе, Конкурс Ұйымдастырушысы осы Қатысушыны Жүлде алуға үміткер тұлғалар қатарынан алып тастау құқығын өзіне қалдырады және кейіннен осындай Қатысушының өзіне Жүлдені тапсыруды талап етуге құқығы болмайды.
6.9. Конкурс Ұйымдастырушысы Қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, тұрғылықты мекенжайы, жасы туралы қосымша ақпарат алу үшін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Жеңімпаздармен өзі ұсынған мобилді телефон нөмірлері немесе электрондық пошта арқылы байланысады. Ұйымдастырушы берілген деректердің шынайылығын тексергеннен кейін, Қатысушының электрондық поштасына сапарға арналған сертификат жіберіледі және сапарға дайындықты қадағалайтын тұлғалардың байланыс деректері ұсынылады, Қатысушы қосымша ақпарат алу үшін олармен байланыса алады.
7. БАСҚА ЕРЕЖЕЛЕР:
7.1. Ұйымдастырушы конкурстың өткізілу аясында өз міндеттемелерін орындамағаны үшін жауап бермейді, егер міндеттемелердің осындай орындалмауы форс-мажорлық мән-жайлардың басталуына, яғни Конкурстың өткізілуі кезінде Ұйымдастырушының жүйелі бақылауынан тыс табиғи тұрғыдан туындаған жағдайлар және Ұйымдастырушының Бас жүлдені Жеңімпаздарға тапсыру міндеттемесін қоса алғанда, өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігіне тікелей әсер ететін мән-жайлардың туындауына байланысты болса. Осы Ережелер аясындағы форс-мажорлық мән-жайлар деп қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, су тасқыны, өрт, ереуілдер, жер сілкіністері немесе басқа да табиғи факторлар; жаппай індет, халық толқулары, Ұйымдастырушыға Конкурстың өткізілуі аясында өз міндеттемелерін орындауға тікелей тыйым салатын билік органдарының шешімдері түсініледі.
7.2. Конкурс Қатысушылары Конкурс шарттарын орындау аясында жасалатын кез келген әрекеттері үшін үшінші тұлғалар алдында өздері жауап береді. Қатысушының Конкурсқа қатысу барысында үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзуына байланысты үшінші тұлғалар тарапынан Ұйымдастырушыға қандай да бір наразылық білдірген жағдайда, Қатысушы осындай дауларды өз бетінше шешу жауапкершілігін өзіне алады.
Конкурсқа қатысты барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
TIKKURILA БРЕНДІ ҰСЫНҒАН «САРАПШЫЛАРДАН КӘСІПҚОЙЛАРҒА» КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ №1 ҚОСЫМША
Алматы қ.
«25» ақпан 2026 жыл
«Сарапшылардан кәсіпқойларға» Конкурсына қатысатын Тиккурила өнімдерінің тізімі:
Brand - Trade Name
T - Tikkurila Nova 12
T - Tikkurila Nova 2
T - Tikkurila Nova 20
T - Tikkurila Nova 7
T - Tikkurila Argentum Plus 20
T - Tikkurila Argentum Plus 7
T - Tikkurila Euro Extra 20
T - Tikkurila Euro Matt 3
T - Tikkurila Euro Power 7
T - Tikkurila Euro Smart 2
T - Tikkurila Euro Trend
T - Tikkurila Euro White
T - Tikkurila Feelings Extra Durable
T - Tikkurila Feelings Interior Paint
T - Tikkurila Harmony
T - Tikkurila Harmony Clean Air
T - Tikkurila Joker
T - Tikkurila Luja 20
T - Tikkurila Luja 7
T - Tikkurila Luja Moisture Stop
T - Tikkurila Luja Yleispohjamaali
T - Tikkurila Multistop
T - Tikkurila Optiva Colour
T - Tikkurila Remontti-Ässä
T - Tikkurila Siro Himmeä
T - Tikkurila Paneeli-Ässä 10
T - Tikkurila Paneeli-Ässä 20
T - Tikkurila Paneeli-Ässä Titan
T - Tikkurila Super White
T - Tikkurila Supi Arctic
T - Tikkurila Supi Saunasuoja
T - Tikkurila MUTE
T - Tikkurila Betolux Akva
T - Tikkurila Betolux Akva Pohjuste
T - Tikkurila Pontti Floor Lacquer 5
T - Tikkurila Pontti Floor Lacquer 50
T - Tikkurila Pontti Floor paint 30
T - Tikkurila Pontti Floor paint 60
T - Tikkurila Pontti Floor oil
T - Tikkurila Supi Lattiaöljy
T - Tikkurila Empire
T - Tikkurila Helmi 10
T - Tikkurila Helmi 30
T - Tikkurila Helmi 80
T - Tikkurila Helmi Furniture Lacquer 30
T - Tikkurila Helmi Furniture Oil
T - Tikkurila Helmi Furniture Wax
T - Tikkurila Helmi Patterimaali
T - Tikkurila Helmi Pohjamaali
T - Tikkurila Intact 40
T - Tikkurila Intact 8
T - Tikkurila Intact Primer
T - Tikkurila Kiva 10
T - Tikkurila Kiva 30
T - Tikkurila Kiva 50
T - Tikkurila Kiva 70
T - Tikkurila Supi Laudesuoja
T - Tikkurila Supi Saunavaha
T - Tikkurila Liitu
T - Tikkurila Liitu Musta
T - Tikkurila Magnetic
T - Tikkurila Taika Glaze
T - Tikkurila Taika Glow
T - Tikkurila Taika Paint
T - Tikkurila Luja Ceramic Tiles
T - Tikkurila Presto F
T - Tikkurila Presto LF+
T - Tikkurila Presto LG
T - Tikkurila Presto LV
T - Tikkurila Hole in one
T - Tikkurila Presto Pikasilote
T - Tikkurila Spakkeli Puukitti
T - Tikkurila Unica Ikkunakitti