Жиі қойылатын сұрақтар
1. Конкурсқа кім қатыса алады?
Конкурсқа интерьер дизайны саласындағы білікті мамандар мен осы салада кәсіби қызметпен айналысатын тұлғалар: интерьер дизайнерлері, декораторлар, хоум стейджерлер, интерьер стилистері, жөндеу жұмыстарының шеберлері, бояушылар шақырылады.
2. Өтінім қай елдерден қабылданады?
Конкурсқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Моңғолия, Украина, Әзірбайжан, Молдова және Грузия кәсіпқойлары қатыса алады.
3. Егер мен командада / студияда жұмыс істесем, қатыса аламын ба?
Иә, конкурсқа жеке дизайнерлер де, командалар / студиялар да қатыса алады. Өтінімде жоба басшысын немесе команда өкілін көрсету қажет.
4. Бірнеше жоба ұсынуға бола ма?
Иә, қатысушылар іске асырылған жобалардың әрқайсысы конкурс шарттарына сәйкес келсе, бірнешеуін ұсына алады.
5. Дизайнердің кәсіби өтіліне шектеу бар ма?
Қатысушының тәжірибе жылдарына шектеу жоқ. Ең басты шарт — интерьер дизайны саласындағы кәсіби қызмет және жобаның конкурс талаптарына сәйкестігі.
6. Конкурсқа қатысу ақылы ма?
Конкурсқа қатысу — тегін.
7. Конкурсқа қатысуға қандай объектілер қабылданады?
Қатысуға екі номинация бойынша іске асырылған жобалар қабылданады: «Тұрғын объектінің дизайн жобасы» және «Коммерциялық орынжайдың дизайн жобасы».
8. Жоба іске асырылған болуы тиіс пе, әлде тұжырымдамасын ұсынса бола ма?
Қатысуға іске асырылған жобалар ғана қабылданады.
9. Жоба қандай мерзімде іске асырылуы тиіс?
Жоба 2026 жылғы 25 ақпаннан 2027 жылғы 1 маусымға дейінгі кезеңде іске асырылуы тиіс.
10. Басқа конкурстарға қатысқан жобаны ұсынуға бола ма?
Иә, егер жоба конкурс талаптарының бәріне сәйкес келетін болса, оны конкурсқа ұсынуға болады.
11. Tikkurila өнімдерін қолданудың міндетті көлемі қандай болуы тиіс?
Жобада интерьердің маңызды бөлігінде Tikkurila өнімдері — брендтің түстері мен материалдарының қолданылуы тұжырымдамалық және визуалды тұрғыдан тамаша қолданылуы тиіс.
12. Бір жобада брендтің бірнеше өнімін қолдануға бола ма?
Иә. Бір объект аясында әртүрлі міндеттерді шешу үшін бірнеше Tikkurila өнімін қолдануға болады және де есесіне бұл құпталады.
13. Жобада шынымен Tikkurila өнімдері қолданылғанын қалай растауға болады?
Жобаны іске асыру кезінде Тиккурила өнімдері қолданылғанын растау үшін конкурстың ресми электрондық поштасына жіберілетін техникалық сипаттамада пайдаланылған Tikkurila бояуының атауы мен көлемін көрсетіп, сатып алуды растайтын чектердің фотосуреттерін қоса, объектідегі Tikkurila бояуының фотосуреттерін жіберу қажет.
14. Өтінімді қандай тілде толтыру керек?
Өтінім конкурстың ресми тілдерінің бірінде: орыс немесе ағылшын тілінде толтырылады
15.Өтінімді жібергеннен кейін түзетуге бола ма?
Өтінім жіберілгеннен кейін өзгертулер енгізу қажет болса, оны жұмыстарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін Ұйымдастырушымен келісе отырып жасауға болады.
16. Өтінімді бергенде техникалық қиындықтар туындаса не істеу керек?
Өтінімді бергенде техникалық қиындықтар туындаған жағдайда, конкурстың ресми поштасы бойынша Ұйымдастырушыға хат жазу қажет: TLA-info.kz@ppg.com.
17. Жобалар қандай критерийлер бойынша бағаланады?
Жобалар келесі критерийлер бойынша бағаланады:
– дизайнерлік тұжырымдама;
– түстерді үйлестіре білу / іріктеу;
– эко-тұжырымдама;
– Tikkurila бояуын таңдай білу;
– авторлық құқықты сақтау.
18. Қазылар алқасының құрамына кім кіреді?
Конкурс жеңімпаздарын анықтау үшін PPG компаниясының өкілдерінен тұратын 3 адамдық арнайы сараптамалық қазылар алқасы құрылады.
19. Қанша жеңімпаз анықталатын болады?
Конкурс қорытындысы бойынша Бас жүлдені алатын 3 жеңімпаз анықталады.
20. Нәтижелер қашан және қалай жарияланады?
Конкурс нәтижелері 2027 жылғы 20 маусымнан кейін Tikkurila.com сайтында жарияланады, әрбір жеңімпаз Ұйымдастырушы тарапынан қосымша хабардар етіледі.
21. Финляндияға сапарға нақты айтқанда не кіреді (ұшу, тұру, тамақтану)?
Бас жүлдеге Финляндияға ұшу, тұру, Вантаа қаласындағы Tikkurila өндірісіне бару және Helsinki Design Week 2027 көрмесіне бару кіреді.
22. Ұйымдастырушы жеңімпаздарға Шенген визасын алуға көмектесе ме?
Конкурс Ұйымдастырушысы Шенген визасын алуға көмектеседі (визалық орталықтың оң шешім қабылдауына кепілдік бермейді, бірақ қажетті құжаттарды ресімдеуге көмектесіп, ұсынымдар береді) – тек Қазақстан азаматтары үшін. Конкурсқа қатысатын басқа елдердің азаматтары Шенген визасын өздері алады.
23. Сапарға серік алуға бола ма?
Бас жүлде – Финляндияға сапар — 3 жеңімпазға беріледі. Ілесіп жүретін тұлғалардың қатысу мүмкіндігі бөлек талқыланады және негізгі жүлде пакетіне кірмейді.
24. Сапардың орнына оның ақшалай баламасын алуға бола ма?
Сапардың орнына оның ақшалай баламасын төлеу қарастырылмаған.
25. Финляндияға сапар қай күндері болады?
Сапар күндерін Ұйымдастырушы Helsinki Design Week 2027 бағдарламасына сәйкес анықтайды, шамамен — 2027 жылғы қыркүйекте.
26. Егер жеңімпаз бара алмаса не болады?
Сапардан бас тартқан жағдайда, жүлде Ұйымдастырушының шешімі бойынша қосалқы жеңімпазға берілуі мүмкін.
27. Жобаға авторлық құқықты кім сақтайды?
Жобаға авторлық құқық қатысушының атында сақталады.
28. Бренд жоба материалдарын өз коммуникацияларында пайдалана ала ма?
Өтінім бере отырып, қатысушы ұсынылған материалдарды авторы кім екенін көрсете отырып, коммуникациялық және маркетингтік мақсаттарда пайдалану құқығын ұйымдастырушыға береді.
29. Жобаны көпшілікке жариялаудан бас тартуға бола ма?
Байқауға қатысудың өзі финалға шыққан немесе жеңіске жеткен жағдайда жобаны жариялауға келісімді білдіреді.