Интерьер дизайнерлері мен шеберлеріне арналған конкурс.Егер сіз интерьерді әдеттен тыс, ерекше етіп жасайтын болсаңыз, түсті жақсы сезіп, нәтиже әкелетін идеяларды бағалайтын болсаңыз, онда бұл конкурс дәл сізге арналған
Tikkurila өзінің дәстүрге айналған «Сарапшылардан кәсіпқойларға» конкурсын жалғастыруда. Бұл – интерьер дизайны саласындағы мамандар үшін шабыт, өнерін таныту және шығармашылық өсу кеңістігі.
Конкурс алғаш рет бір елдің шекарасынан асып, бірден 9 елдің – Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Украина, Молдова, Грузия, Өзбекстан, Армения және Моңғолияның кәсіпқойларын біріктіреді. Енді бұл жай ғана жарыс емес: бұл түс пен кеңістікке деген сүйіспеншілікпен біріккен мәдениеттер, көзқарастар мен дизайнерлік дәстүрлердің диалогы.
Конкурс 2026 жылы басталады да, 2027 жылы әсерлі шарықтау шегімен – жеңімпаздардың Tikkurila брендінің отаны – Финляндияға сапарымен және Helsinki Design Week 2027 іс-шарасына қатысуымен аяқталады.
Конкурсқа екі номинациядағы нысандар қатыса алады:
Негізгі шарт: жобаларда кез келген дизайнерлік шешімдерге сәйкес келетін кең кәсіби палитрамен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Tikkurila өнімдерін пайдалану
Конкурсқа интерьер дизайны саласындағы білікті мамандар және жоғарыда аталған салаларда кәсіби қызметін жүзеге асыратын тұлғалар қатыса алады, атап айтқанда:
Қатысушылардың конкурстық жобалары арнайы құрылған қазылар алқасымен төрт критерий бойынша бағаланады:
Конкурстың бас жүлдесі – сәулет, түс пен жарық табиғатпен үйлесім табатын Финляндия еліне саяхат.
Жеңімпаздар Вантаа қаласындағы брендтің зауытына барып, Tikkurila-мен бетпе-бет танысудың бірегей мүмкіндігіне ие болады. Олар халықаралық брендтің сахна артына көз жүгіртіп, бренд өнімдерінің қалай жасалатынын көре алады, технологиялық стандарттар, экологиялық қағидаттар және әрбір реңктің артында тұрған сараптама туралы біледі, идеялардың бүкіл әлем мамандарының көңілінен шығатын шешімдерге қалай айналатыны туралы түсінік алады.
Сапардың ерекше бөлігі – Солтүстік Еуропадағы дизайн саласындағы ең маңызды іс-шара – Helsinki Design Week 2027-ге бару. Бағдарламада: көрмелер, инсталляциялар, дәрістер, презентациялар және дизайнның болашағы туралы пікірталастар. Жеңімпаздар өзекті беталыстардың эпицентрінде болады, жаңа материалдарды, концепцияларды және түспен әрі кеңістікпен жұмыс істеу тәсілдерін көреді.
Конкурсқа қатысу үшін: